Қазақстан халқының бірлігі күні – “Тату халық”кітапхана экспрессі

 26 сәуірде мектеп кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған “Тату халық” кітапханалық экспресс өтті. 2 “Г” сынып оқушылары Қазақстан елі бойынша танымдық саяхатқа қатысты. Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерімен танысу “Нұрсәуле=Лучик” сериясының кітаптарымен бірге өтті. Бұл сериядағы кітаптар әртүрлі жастағы балаларға арналған.  Қазақ және орыс тілдеріндегі жарқын иллюстрацияланған басылымдар оқырмандарымызды ел халықтарының бай мәдени мұрасымен таныстырды. Балалар белгілі бір ұлт өкілдерінің ертегілерін, мақал-мәтелдерін, ойындарын, ұлттық киімдерін білді. Бұл барлық ұлттардың бірлігіне деген ең жақсы ұмтылыстарды тағы да көрсетті. Қазақстан елі бойынша саяхат картаның жанында аяқталды.  Қызықты ойында балалар еліміздің тарихы, табиғи ерекшеліктері, мәдениеті бойынша кең Отанымыздың түкпір-түкпіріне барып, түрлі сұрақтарға жауап берді.