Қазақстан Халқының Бірлігі күні

Қазақстан-150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын көпұлтты ел. Біздің елімізде барлық халықтарды біріктіру үшін Қазақстан Халқының Бірлігі Күні мерекесі өткізіледі. Мереке қарсаңында біздің лицейде “Қазақстанның бірлігі-халықтар достығында!” атты тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Балалар үшін сынып сағаттары, танымдық ойындар мен викториналар, ауызша журналдар, сурет конкурстары өткізілді, өлкетану мұражайына экскурсиялар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты балалар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту, Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілік сезімін, мәдениеттерге тарихи өткенге төзімділікті және біздің көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтар мұрасын тәрбиелеу болды.