Сәуір-экологиялық мәдениет айы

Сәуір айы біздің лицейде оқушылардың экологиялық тәрбиесіне арналды.  Балалармен экологиялық сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоқыстарды сұрыптау және қайта өңдеу процестеріне, республикамыздың табиғи байлығына, туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға арналған балалар суретінің көрмелері рәсімделді.«Четыре четверти – четыре искусства» – «Туған өлкем»  жобасы аясында балалар “Туған өлкенің бояулары” электронды экологиялық карталарын орындады. 11 сынып оқушылары “Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні” республикалық акциясына, ал педагогтар мен техникалық қызметкерлер – “Таза өлке” акциясына қатысты. Мектеп кітапханасында суға ұқыпты және ұтымды қарауға арналған библиялықут өтті. Мектеп парламентінің балалары пайдаланылған батареяларды жинау бойынша эко акция өткізді.