Кәсіптік бағдар беру экскурсиясы

Әр адам, мейлі ол көлік иесі болсын, жаяу жүргінші болсын, сапалы жолдар мен тротуарларда жүргісі келеді. Бүгін біздің мектептің 10б сынып оқушылары жол салушы мамандығымен танысу үшін “жол активтері сапасының ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК филиалында болды. Кәсіпорын қызметінің мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады. Балаларға қажетті ерітінділер қалай дайындалатыны, жолдардың сапасын тексеру, зертханалар мен жол жұмысында қолданылатын жабдықтар көрсетілді.