Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясы

Бүгін біздің мектепке СҚО ПД БЖКБ аға инспекторы полиция капитаны З.Е.Елубаева және ҚР ІІМ Қарағанды академиясының криминалистика кафедрасының оқытушысы М.Е.Кашенов келді. Академия күндізгі оқу негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқытады. Мамандандыру тергеу және анықтау, криминалистика. Оқу аяқталғаннан кейін түлектер “Құқық қорғау қызметі бакалавры” біліктілігі бар диплом және “полиция лейтенанты” арнайы атағын алады. Қабылдау кезінде дене шынықтыру бойынша нормативтер ескеріледі. Сондай-ақ, басқа елдерге іссапарлар мен Ресей Федерациясында оқу мүмкіндігі туралы. Толық ақпарат kpa.gov.kz сайтында