“Балалардың қауіпсіздігі” – полиция департаментінің мұражайына саяхат.

5 желтоқсанда біздің лицейдің 3В сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мұражайына сыныптың ата-аналар комитеті ұйымдастырған экскурсиямен барды. Экскурсия Солтүстік Қазақстан полициясының құрылу тарихын сақтайтын экспозицияларды көрсетуден басталды: балалар қазақстандық полицияның қалыптасуы мен дамуы туралы білді, нысанды киім-кешектерді, техниканы, фотосуреттер топтамасын зерделеді және тәжірибелі экскурсоводтың әңгімесін мұқият тыңдады. Тергеушілер жұмыста пайдаланған техникалық заттар, шынайы құжаттар, жауынгерлік наградалар, СҚО полиция қызметкерлерінің бұрынғы жылдардағы фотосуреттері балалардың ерекше назарын аударды. Біздің қала тұрғындары үшін құқықтық тәртіпті бақылауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін бейнекамералар орналастырылған бөлмеге бару балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.