“Шығарма жазу: болашаққа хат” челленджі

Бүгін біздің лицейдің оқушылары “Шығарма жазу: болашаққа хат” челленджіне қатысты. Балалар “Менің Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім”, “Менің болашағым”, “Менің болашағым менің елім үшін” сияқты тақырыптарда өз ойларын ортаға салып, өмірдегі өз іс-әрекеттері мен мақсаттары, айналамыздағы адамдарға деген көзқарасы, еліміздің болашағы туралы әңгімеледі. Челлендж орта және жоғары сынып оқушылары арасында онлайн форматта өткізілді.