Университеттегі экскурсия – жаратылыстану ғылымдары әлемі.

10 қарашада 11 сынып оқушылары М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің екінші корпусына экскурсияға барды. Балалар “Биология” кафедрасының мамандықтарымен танысып, студенттер оқитын зертхана мен аудиторияларды көріп шықты. Кафедра оқытушылары жұмыста қолданылатын макеттер мен экспонаттарды көрсетті. Студенттердің жетістіктері, оқу практикасынан өтуі, мамандықтар және осы мамандардың болашақ жұмысы үшін мүмкін болатын салалар туралы айтты. Болашақ түлектерге арналған экскурсия өте танымды және қызықты болды. Балалар өз сұрақтарына жауап алды.