Теолог сағаты – “Дін және қазіргі заман”

Бүгін біздің лицейде СҚО ІІБ Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің дінтанушылары С.С. Бердагулова және А. Ж. Ахметбекова 10-сынып оқушыларымен “Дін және қазіргі заман”атты әңгіме өткізді. Қазіргі әлемдегі діни фактор, діни экстремизмге теріс көзқарасты қалыптастыру сияқты мәселелер қозғалды, Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамалық базасы қаралды. Іс-шара соңында балалар деструктивті жалған діни ұйымдар, олардың белгілері және жалған діни топтардың мүшелерімен кездесу кезіндегі мінез-құлық ережелері туралы ақпаратты қамтитын жадынамалар алды.