Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – “Білімдіге дүние жарық” сабағы

18-20 қазан аралығында бірінші және бесінші сыныптардың параллельінде ата-аналар мен балаларға арналған “Білімдіге дүние жарық” – Білім қуанышы: балаға рахаттанып оқуға қалай көмектесуге болады” және  “Позитивті ата-ана – тыңдай білу,  ести білу және естулі болу” тақырыптары бойынша тренингтер өткізілді.

Тренингтердің мақсаты: эмоционалды-жағымды атмосфераны, балалар мен ата-аналардың ойын түріндегі ынтымақтастығын, өзара іс-қимылын ұйымдастыруға жағдай жасау, ата-аналарды балалармен өзара іс-қимылдың заманауи дағдыларына үйрету, балалардың әлеуметтік-бейімделу қасиеттерін дамыту.

Тренинг соңында оқушылар мен ата-аналар кері байланыс беріп, жағымды эмоцияларымен бөлісті.