“Ақындар айтысы” – “Менің Отанымның дауыстары”

24 қазан күні Республика күнін мерекелеу қарсаңында және “Ақындар айтысы” іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында біздің лицейде “Менің Отанымның дауыстары”атты поэтикалық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа патриотизм сезімін ояту, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Оқушылар біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасына арналған өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Поэзия кешіне 5-11 сыныптар арасынан жеті жас ақын қатысты.  Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тақырып бойынша бейнематериалдар дайындап, тыңдаушыларды викторинаға қатысуға шақырды. Іс-шара соңында әр қатысушы грамотамен марапатталды, ал мектеп фойесінде өлеңдер көрмесі өтті.