“Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты” онкүндігі – “Білімдіге дүней жарық”тренингтері

13 қазанда “Дарын” мектеп-лицейі” КММ – де “Мен мықты болсам-Қазақстан да мықты” онкүндігі аясында   қауіпсіз білім беру ортасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін , сондай-ақ оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, балаларды оқытуға деген ынтасын арттыру, балалар ұжымын біріктіру мақсатында “Білімдіге дүние жарық”  тақырыбы бойынша тренингтер ұйымдастырылды- “Білімнің қуанышы: балаға қуанышпен оқуға қалай көмектесуге болады”. Тренингтік іс-шараға 1 “Б” және 1 “Е” сыныптарының оқушылары мен ата-аналары белсенді қатысты. Оқушылар мен ата-аналар ұсынылған барлық жаттығуларды орындауға мүмкіндік алды, тренинг барысында балалар мен ата-аналардың ұйымшылдық деңгейі артты, қарым-қатынас дағдылары дамыды, өзіне және айналасындағыларға деген оң көзқарас, сондай-ақ оқу мотивациясының деңгейі артты. Іс-шара соңында оқушылар мен ата-аналар кері байланыс беріп, жағымды эмоцияларымен бөлісті.