«Ақындар айтысы» – «Кітапты жан азық деп қанып іш…»

2023 жылдың 17 қазан күні «Кітапты жан азық деп қанып іш…» іс шара аясында «Дарын» мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушыларымен С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Отырар кітапханасы» тақырыбында сайыс сабағы өткізілді. Іс шара  барысында оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, өз білімдерін шыңдай түсті. Әлемде қандай ірі кітапханалар бар, олар қайда орналасқан, еліміздің тарихы, екінші кітапхана Отырар туралы мағлұматтарды пайдаланып, тапсырмаларды орындады. Топтық жұмыс барысында әр түрлі дерек көздерді пайдаланып, белсенді  жұмыс жасады. Іс шара соңында кітапхана бөлімдерімен, бөлімдерде ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалады.