М. Қозыбаев атындағы СМУ-не  экскурсия

13 қазан, жұма күні 11 сынып оқушылары “География және экология” кафедрасының іс – шарасына-2022-2023 оқу жылының оқу және өндірістік (көшпелі) тәжірибелерінің қорытындысы бойынша көрме-конференцияға қатысты. Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы С. В. Пашков пен кафедра меңгерушісі Б.Б. Досенованың кіріспе сөзінен кейін, кафедра студенттері өз тәжірибелері туралы әңгімелерімен, викторинамен сөз сөйлеп бөлісті  шағын концерт қойды. Іс-шарадан кейін оқушыларға кафедра аудиториялары бойынша шағын таныстыру экскурсиясы өткізілді, соның арқасында оқушылар “География және экология”кафедрасының қызметі туралы көбірек хабардар болды.