“Мен және мамандықтар әлемі” ойыны

7 сынып оқушыларымен “Мен және кәсіптер әлемі” кәсіптік бағдарлау бойынша ойын сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: кәсіптік бағдарлау құзыреттілігін дамытуда ақпараттық қолдау көрсету (әртүрлі мамандықтар туралы білу, болашақ мамандықты таңдау қажеттілігі). Балалар мамандықтармен, немен айналысатыны және осы мамандықтардың өкілдері қандай қасиеттерге ие болуы керек екендігі туралы білді. Оқушыларға тапсырмалар ұсынылды: “… әріпіне мамандық”; “Ең керемет”; “Табылған заттар бюросы”; “Мамандық таңдаудың негізгі мотиві” кластерін құру.