“Адал ұрпақ” жасағы

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында “Адал ұрпақ” клубының қатысушылары отырыс өткізді. Балалар мереке туралы ақпарат дайындады, облыс аумағында тұратын ұлттар туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы әңгімеледі, әуендердің қай ұлтқа жататынын болжай отырып, музыкалық викторина өткізді, бір-біріне қызықты тілектер жазды.