“Рухани жаңғыру” – “Ұлттық нақышта қуыршақ-кәдесыйлар жасау” шеберлік-сынып

“Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында, Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында, біздің лицейде көркем еңбек мұғалімі Е.В. Исакова “Ұлттық нақышта қуыршақ-кәдесыйлар жасау”атты қыздарға арналған шеберлік-сынып өткізді. Іс-шара Ұлттық киім туралы білімдерін кеңейту арқылы Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған. Елена Викторовна оқушыларды ұлттық костюмдермен таныстырды, қыздар әрқайсысы өз костюмдерін таңдады. Жұмыс барысында мұғалім қуыршақ жасау, жарқын ұлттық костюм тігу үшін матаны таңдау бойынша практикалық кеңестер берді, үлгіні мұқият жинап, қуыршақ киімін тігуді, костюмдерді ұлттық ою-өрнекпен безендіруді үйретті. Қуыршақтар жарқын, әдемі болып шықты, қыздар өз жұмыстарына риза болды.