«Ертегілер әлемінде» қазақ тілі апталығының 2-күні

«Ертегілер әлемінде» қазақ тілі апталығының 2-күні

Қазақ тілі апталығының 2-інші күні бастауыш сынып оқушылары ертегілерден сахналық қойылымдар қойды, сурет байқауына қатысты.

Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Қызықты ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту. Сахналық қойылым арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. 2 «А» сынып оқушылары «Мақта қыз бен мысық», 3 «Г» сынып оқушылары «Алдар көсе», 4 «Г» «Жыл басы» ертегілерін сахналады. Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін шебер сомдап шықты. Ертегілер балалардың көңілінен шығып, балаларға қуанышты көңіл күй сыйлады.  Сонымен қатар, 2-қабатта «Ертегілер әлемінде» – атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады.