Әдеби кеш «Менің жастарға сенемін»

 2023 жылдың 17 сәуір күні  «Дарын» мектеп-лицейінде қазақ халқының көрнекті ақыны, Алаш ардақтысы және қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кеші өтті. Әдеби кештің мақсаты: Белгілі сыршыл ақынның бірі Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен  шығармашылығын насихаттау, ұлттық поэзия арқылы жастарды рухани байлыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Аталмыш іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері С.Д.Тулебаева, С.Е.Жумабаева, Ж.Б.Бектембаева, М.К.Кулмаканованың жетекшілігімен дайындалды.  Сахнада «Батыр Баян» поэмасынан үзінді, әсем әнмен өрнектелген, әдемі бимен көркемделген оқушылардың Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан көріністер көрсетіліп, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Кеш соңында 6 сынып оқушылары «Мен жастарға сенемін» өлеңінің композициясында ақын шығармашылығының қыр-сырын аша отырып, тыңдармандарды тебірентті. Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясында жарқын жырларымен от шашып, өшпес із қалдырған тұлға.