“Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау жүргізу туралы ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерді хабардар ету” ата-аналар жиналысы
Қыркүйек айында лицейдің педагог-психологтары А. Н. Исмаилова және Д. В. Байқадамов “Дарын” мектеп-лицейі” КММ оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау жүргізу туралы ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерді хабардар ету” тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысын өткізді.
Жиналыс барысында ата-аналар 2023-2024 оқу жылына арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыс жоспарымен танысты. Психологиялық-педагогикалық білім беру мақсатында ата-аналарға оқушылардың бейімделу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Жиналыс соңында ата-аналар кері байланыс беріп, туындаған сұрақтарға жауап алды.