Ата-аналарға арналған

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады


Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ СУ ТАСҚЫНЫ!

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ 112 НЕМЕСЕ 101 НӨМІРІНЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ



Құрметті ата-аналар!

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасатын бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдана бастайды.

Баланың құжаттарын egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталында, sakura24.kz сайтында және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.

Бірінші сыныпқа алты жасқа толған  және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар ата–анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде өтінішті еркін нысанда, денсаулық жағдайы туралы анықтаманы – №065у нысаны, № 052-2/у баланың денсаулық паспортын және 3х4 баланың 2 дана фотосуретін бере отырып қабылданады. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.


Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл – қызың.


1 наурыз күні – челлендждері «Алғыс айту күні»,
“Арайлы Атамекенім”

1 наурыз күні “Алғыс айту күніне” орай “Дарын” мектеп – лицейі” КММ-де оқушылар мен педагогтар үшін “Алғыс айту күні”, “Арайлы Атамекенім” атты сынып сағаттары мен челлендждері өткізілді. Балалар ата-аналарына, педагогтарына, мектеп қызметкерлеріне, Отанына алғыс сөздерімен бейнероликтер түсірді.


2024 жылдың 1 наурызында “Дарын” мектеп-лицейі” КММ-де қызметкерлер мен оқушыларға азаматтық қорғаныстың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықтың дайындығын арттыру, азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жақсарту мақсатында оқу эвакуациясы жүргізілді.


“Дарын” мектеп-лицейі КММ жарғысы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама

Балаларымызды қорқытудан қорғайық!