Дұрыс тамақтану.
3Г сыныпта оқушылардың денсаулығының, қалыпты өсуі мен дамуының маңызды факторы ретінде дұрыс тамақтану туралы білімдерін бекіту мақсатында “Дұрыс тамақтанып, денсаулықты нығайт” тақырыбында сынып сағаты өтті. Балалар дұрыс тамақтану туралы кроссворд шешіп, оқушы үшін теңдестірілген мәзір жасап, “Пайдалы және зиянды таңдау” ойынын ойнады. Жақсы денсаулық – адамның бақыты мен қуанышының басты көздерінің бірі, оның баға жетпес байлығы, денсаулық сақтау қажет деген қорытындыға келді.