Қазақстан халқы Ассамблеясына экскурсия

Қазақстан халқы Ассамблеясына экскурсия

Елімізде біртұтас азаматтық қоғамдастықты қалыптастыру Мемлекет Басшысы қойған өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарады. 8а сынып оқушыларын ұйым және этномәдени бірлестіктердің қызметімен таныстыру 18 сәуірде өтті, оқушылар Қазақстан халқы Ассамблеясына экскурсия жасады. Экскурсия барысында балалар қазақ, орыс, татар, армян, поляк, түрік қоғамдық бірлестіктерімен танысты. Әр этникалық орталықтың өкілдері балалармен әңгімелесті, өз мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстырды, белгілі адамдар туралы әңгімеледі.