Кәсіптік бағдар жұмысы – «Жұмбақтар мен ребустар арқылы мамандықтар әлемі»

4-сыныптар параллелінде «Жұмбақтар мен ребустар арқылы мамандықтар әлемі» тақырыбында кәсіптік бағдар сабақтары өтті. Баланың ересек өмірде саналы таңдау жасауы үшін оны мүмкіндігінше көп мамандықтармен таныстыру қажет. Кәсіптік бағдар жұмысы бастауыш сынып оқушыларына қызықты әрі танымды болатындай етіп ұйымдастырылды. 4-сынып оқушылары қызығушылықпен ребустар мен кроссвордтарды шешіп, жұмбақтарды табысты шешіп, ойын әрекеттеріне белсене қатысты. Балалар бүгінгі таңда қандай мамандықтардың сирек және өзекті екенін білді. Сонымен қатар, «Менің қабілеттерім» тесті өткізілді. Барлық жұмыс оқушылардың мамандықтар туралы білімдерін кеңейтуге бағытталды.