Жалпы Республикалық “Білімім-Отаныма!” сынып сағаты.

Бүгін, 24 мамыр күні біздің лицейде “Білімім-Отаныма!” жалпы Республикалық сынып сағаты өтті.  Сынып сағаты білім алушылардың педагогикалық еңбекке деген құрметін, білім алуға деген ұмтылысын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалау қабілетін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Білім Министрінің сөзін тыңдап, қазақстандық балалардың жетістіктері туралы бейнероликті тамашалады. Сондай-ақ, сыныптастарға оқу жылы ішінде өздерінің жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді. 9 және 11 сынып түлектеріне балалық шақтан тәуелсіз өмірге көшу, өз болашақтары туралы өз ойларын “Мен. Мектеп. Ұстаз” тақырыбында эссе жазу ұсыны. Іс-шараға ата-аналар қатысты,  оқу мен спорттағы жетістіктері үшін үздік оқушылар грамоталармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.