Сапалы білім-болашаққа сенімді қадам!

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі бүгінде Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан колледжі. Колледж қабырғасында инновациялық технологияларды қолдана отырып, әр түрлі оқу бағдарламалары жүзеге асырылады, бұл әр студенттің әлеуетін ашуға және жоғары білікті маман тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Колледж оқытушысы А. В. Малюга біздің мектеп оқушыларына колледждің мамандықтары мен біліктіліктері, оқу мерзімі және тегін оқуға түсу мүмкіндігі туралы айтып берді.