“ОЖСБ-ға дайындық кезінде балаларға көмек ұйымдастыру”

19 қаңтарда педагог-психолог Дамир Вадимович Байкадамов төртінші сыныптар параллелінің ата-аналары үшін “Балаларға ОЖСБ-ға дайындық кезінде көмек көрсетуді ұйымдастыру” тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Сөз сөйлеу барысында ата-аналарға баланы алдағы тестілеуге психологиялық тұрғыдан қалай тиімді дайындау керектігі туралы ұсыныстар берілді. Сөз соңында ата-аналар кері байланыс беріп, туындаған сұрақтарға жауап алды.