Кәсіптік бағдар беру жұмысы

23 қаңтар күні лицейдің 9 сынып оқушыларымен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің өкілі, химия пәнінің мұғалімі Есілбай Жансая Есенқызы кездесті. Балаларға колледж бастапқыда Петропавл индустриалды техникумы ретінде құрылғанын, ал Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі 2000 жылы қайта аталғанын айтты. Қазіргі уақытта колледж аумағында зертханалар, шеберханалар, кітапхана, оқу шаруашылығы, машина-трактор паркі, жатақхана, спорт алаңы, автотрактор және электр монтаж полигондары бар. Оқушылар әңгімеге құмар болды, көптеген сұрақтар қойды, олардың әрқайсысына жауаптар алды.