Табысты мансапқа қадам жаса!

22 қаңтарда біздің мектепке М. Қозыбаев атындағы СҚУ өкілдері болашақ талапкерлерді тарту бойынша оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу, балаларды мамандық және болашақ білім беру мекемесін таңдауға бағдарлау мақсатында келді.

“Тіл және әдебиет институты”, “Тарих, экономика және құқық”, “Инженерия және цифрлық технологиялар”, “Агротехнологиялық” факультеттерінің өкілдері кафедралардың мамандықтары, гранттар, Аризона университетімен қос дипломды және халықаралық білім беру бағдарламалары, шетелде академиялық ұтқырлық бойынша оқыту және шетелдік тәжірибелер туралы айтып берді.