“Сұлтан Бейбарыстың оралуы”

2023 жылдың 29 қарашасында “Сұлтан Бейбарыстың оралуы” сахналау байқауы өтті. Іс-шара есімі өшпес  тұлғаның мұрасын жадымызда сақтау үшін мәдени-танымдық және ағартушылық бағыттарда насихаттауға арналды. Байқау тұлғаның көркемдік-эстетикалық дамуына, өз елінің тарихи мұрасына ұқыпты қарауға, сондай-ақ қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қолдану аясын кеңейтуге бағытталған. Байқау мемлекеттік тілде өткізілді. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай, оның өмірі мен қызметіне арналған сахналар ұсынылды.

“Дарын” мектеп лицейі Сұлтан Бейбарыс өмірінің үш кезеңін көрсетті. Бірінші көріністе балалар моңғолдардың туған даласынан кішкентай Бейбарысты қалай алып кеткенін көрсетті. Екінші сахнада Бейбарыс қазірд мәмлүктердің арасында өзінің ақылдылығы мен батылдығымен ерекшеленетін жас жігіт. Оны мыңның арасынан сұлтан Кутуз байқайды. Үшінші көріністе  ұлы Бейбарыс Сұлтан өзінің өмірі және Отанға деген сүйіспеншілік туралы монолог оқиды. Қойылым барысында қатысушылар түрлі декорацияларды, костюмдерді және музыкалық сүйемелдеуді қолданды. “Дарын” мектеп-лицейінің оқушылары өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетіп, тарих пен Мемлекеттік тілді жақсы білетінін дәлелдеп, 22 қалалық мектептің, 200-ден астам оқушының арасынан  3-ші орынды иеленді.