«Алтын сақа»

Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу қарсаңында біздің лицейде “Алтын сақа” олимпиадасы өткізілді. Оған бастауыш және орта буын балалары қатысты. Олимпиада Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, ептілікті, қырағылық пен дәлдікті дамыту, халықтың мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау, Қазақ ұлттық ойындарын тануға қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларды асық ойынына баулу мақсатында өткізілді.