“Балалардың қауіпсіздігі” – өрт сөндіру бөліміне экскурсия

Біздің лицейдің 1в сынып оқушылары “Балалардың қауіпсіздігі” айлығы аясында Петропавл қаласының №3 өрт сөндіру бөліміне экскурсиямен барды. Балалар өрт сөндіруші мамандығына кіріп шыққандай әсер алды: өрт сөндіру машиналары мен арнайы жабдықтар, өрт сөндірушілердің жабдықтары туралы көптеген ақпаратты білді, өрт сөндіру машинасының рульінде және диспетчердің кабинетінде болды. Бөлім бастығының орынбасары, аға лейтенант Аслан Есенгалиевке экскурсия өткізгені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Қиын жұмысыңыз үшін көп рахмет.