“Жас бүркіт” әскери-патриоттық клубы

“Жас бүркіт” әскери-патриоттық клубының 20 жылдығына орай біздің лицейде осы күнге арналған салтанатты іс-шара өтті, өйткені біздің лицей оқушылары клубтың белсенді қатысушылары болып табылады. Іс – шараға Петропавл қ. Ұлттық Ұланының 6637 әскери бөлімінің өкілдері-әскери бөлім командирінің орынбасары, майор Мукаев Максат Бекжанович, тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс бөлімі бастығының көмекшісі, капитан Бектурганов Бекжан Сапарович, “Дарын” мектеп-лицейінің  9-11 сынып курсанттары мен оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу болды. Балалар әскери бөлім туралы бейнефильм көріп, “Жас бүркіт” клубының жұмысы туралы білді. Клубтың белсенді қатысушылары құрмет грамоталарымен марапатталды.