20 қараша-Дүниежүзілік балалар күні

Өткен аптада біздің лицейде Қазақстандағы балалардың құқықтарына арналған сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Іс-шаралар негізгі жалпыадамзаттық құндылық ретінде адам құқықтары туралы жалпы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Бала қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғалып, өзара түсіністік, төзімділік, достық рухында тәрбиеленуі керек. Оқушылар адам құқықтары туралы декларацияның және бала құқықтары туралы Конвенцияның, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерімен танысты.