Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Қазақстан-Британ техникалық университеті-жетекші техникалық университеттердің бірі; ғылыми зерттеулермен, оқытумен және ғылыми элитаны және әлемдік экономиканың түрлі салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлаумен айналысатын әлемдік деңгейдегі университет. Осы университеттің өкілдері А.Б.Кунгейбаева және Т.Е.Беркинбаева бүгін 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру әңгімесін өткізді. Балалар осы ЖОО-да оқу ағылшын тілінде өтетінін, әртүрлі бағыттағы 9 мектеп (факультет) бар екенін білді, грант алу мүмкіндігі, жатақханаға орналасу мүмкіндігі және т.б. туралы сұрады.