“9 ай-9 іс-шара” – “АСЫҚ АТУ”челленджі

17 қарашада біздің лицейде “Асық ату” челленджі өтті. Челленджге орта және жоғарғы буын балалары қатысты. Челлендж мектептің спорт залында өткізілді. Челленджді өткізудің негізгі мақсаты-қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау; қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу; білім алушыларды асық ойынына баулу.