15 қарашада Қазақстанда ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Біздің лицейде осы күнге арналған “Теңге ұлттық валютасының тарихы” атты сынып сағаттары өткізілді. Балалар ұлттық валютаның пайда болу тарихын, ел экономикасындағы теңгенің мәнін, әлемдік валюта кеңістігіндегі валютамыздың орнын еске алды. Сондай-ақ, 2 “Б” сынып оқушылары Петропавл қаласындағы Jusan Bank филиалына барды. Банкирлер жас келушілерді жылы қарсы алып, өздерінің қызықты жұмыстары туралы айтты.
Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Айгуль Калиасқаровна Касеноваға экскурсия ұйымдастырғаны үшін, ал банктің барлық тату ұжымына сыйлықтары үшін шын жүректен ерекше алғыс білдіреміз!