Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

26 қазанда күзгі каникул кезеңінде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен Петропавл қ. ПБ бірінші БП МӨҚБ УПИ аға инспекторы полиция капитаны Ж.Ж.Мустафинамен “Қару-жарақ, пышақтау-кесу заттарын алып жүруге тыйым салу”, “Кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын тұтынуына әкімшілік жауапкершілік” тақырыптарында әңгімелер өткізілді.

27 қазанда Петропавл қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры Б.М. Бекмағамбет 9-10 сынып оқушыларымен “Прокурор сағаты – есірткі және жасөспірім” тақырыбында дәріс өткізді. Балаларды осы тақырып қызықтырды.  Өйткені қазір қосымша ақша табу ұсынысымен жарнаманы жиі кездестіруге болады. Ал бұл ұсыныстың артында есірткі бизнесіне тарту жатыр.