26 қазанда 9 сынып оқушылары Ғабит Мүсірепов атындағы кітапханада “Арманға қадам” атты кәсіби бағдар беру іс-шарасына қатысты. Іс – шарада шақырылған қонақтар-кәсіптік бағдарлау орталығының әдіскері И.Н.Плотникова және ЖРО өкілі Д.К.Баймакишева сөз сөйледі.
Олар балаларға болашағын дамыту үшін қандай қадамдар жасауға болатынын айтты. Инга Николаевна балаларға кәсіптік бағдар беру қызметінің қыр-сырын айтып,мамандық таңдау бойынша 10 кеңес ұсынды. Дина Қапизқызы олардың орталығы 14 жастан бастап жастарды жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтты; қазір балалардың кез келген колледжге бірінші курстан кейін басқа мамандыққа ауысу мүмкіндігі бар екенін және бір жыл жоғалтпау үшін түсе алмағандар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы еске салды. Сондай-ақ, балалар кітапхана жұмысымен танысып, ұсынылған әдебиеттерді көре алды.
![](https://darynsko.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-image-2023-10-27-at-14.27.33-1.jpeg)