Мектеп парламентінің Президентін сайлауы

Біздің мектепте мектеп парламентінің Президентін сайлауы өтті.

Президентті сайлау туралы Ережеге сәйкес, лауазымға кез-келген 8-11 сынып оқушысы,  «4», «5»-ке оқитын, сыныпта, мектепте беделі бар үміткер қатыса алады.

Сайлауалды компанияның бірінші күнінен бастап үміткерлер белсенді қызмет көрсетіп, үгіт-насихат плакаттарын рәсімдеді.

2023 жылдың 18 қазанында үміткерлер және олардың қолдау топтарының қатысуымен пікірталас өтті. Әр үміткер мектептің өмірі бағдарламасын ұсынды.

Сайлау күні өте белсенді және қызықты өтті. Байқаушылар сайлау рәсімінде бұзушылықтарды бойқамады.  «Дарын» мектеп-лицейінің жаңа президенті 9а сынып оқушысы Ведерникова Варвара сайланды!