Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында 16 қазанда біздің лицейде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына “Білім қуанышы: балаға оқуға деген құштарлықты арттыру үшін қалай көмектесуге болады” атты сабақ өткізілді. Сабақта баланың жеке басын дамыту үшін мектепке бейімделуінің маңыздылығы, есте сақтау мен зейінді дамыту әдістері, ата-аналар балаға үй тапсырмасына көмектесуі керек пе, балалардағы оқу мотивациясын қалай арттыруға болатындығы туралы мәселелер қамтылды. Сондай-ақ, 1В және 1Д сыныптардың оқушылары мен ата-аналарының белсенді қатысуымен бірлескен тренинг өткізілді. Тренинг балалар мен ата-аналардың бірігу деңгейін арттыруға, коммуникативтік дағдыларды дамытуға, өзіне және айналасындағыларға оң көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ оқу мотивациясының деңгейіне бағытталған. Іс-шара соңында оқушылар мен ата-аналар кері байланыс беріп, жағымды эмоцияларымен бөлісті.
- Негізгі
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
- Мемлекеттік қызметтер
- Директор блогы
- Әдістемелік жұмыс
- Жетістіктер
- Педагогтерді аттестаттау
- Тәрбие жұмысы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс
- Бос жұмыс орындары
- Мектептегі тамақтану
- Ата-аналарға арналған
- Түлекке
- Қамқоршылар Кеңесі
- Психолог блогы
- Кітапхана
- Адал Ұрпақ
- Мектеп бюджеті
- Мектептің өзін-өзі бағалауы
- Байланыстар
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы