“Отанды қорғау- атты  мамандық бар”

Өз Отанының шекарасын қорғау, халықтың әл -ауқатына қамқорлық жасау – нағыз   патриот орындауы тиіс жауапты әрі қиын міндет. 12 қазанда Шекара қызметінің өкілдері бейнероликтер көрсетіп, 11-сынып оқушыларымен өз жұмыстары туралы және тиісті білімді ҰҚК Шекара қызметі академиясында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде алуға болатындығы туралы ақпараттық әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың біздің Отанымыз Қазақстанның шекаралары, шекарашылары туралы білімдерін қалыптастыруға, шекара аумағын күзету кезінде ,өз міндеттерін орындау кезінде олардың қажырлы еңбегі туралы білімдерін қалыптастыруға ықпал ету, әскери білім алуға деген ұмтылысын дамыту.