“Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты” онкүндігі

Бүгін біздің лицейде психологиялық денсаулық әлеміне орайластырылған “Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты”  онкүндігі басталды. Онкүндіктің бірінші күні қауіпсіз білім беру ортасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, сондай-ақ білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және бекіту мақсатында “Таңертеңгілік сәлемдесу” акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар коммуникативтік дағдыларын арттырып, өздеріне және айналасындағыларға деген оң көзқарасын арттырды. Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс білдіріп, жағымды эмоциялармен бөлісті.