«Ақындар айтысы» – «Ақындармен жұмыс»

  «Дарын» мектеп – лицейінде «Төрт тоқсан –төрт өнер» ұлттық мәдени –ағартушылық   жобаның  аясында, жаппай мерекелер, байқаулар, ақындар айтысы, көрмелер, кездесулер ұйымдастырылуда.

  Осы орайда І тоқсан «Ақындар айтысы» бөлімінінің негізінде қоғамда өзіндік орны  бар,  туған жеріміздің тарланы,  беделді дарын иесі,  жас ақын, балалар жазушысы,  көшетанушы, блогер Құскен Самрат Дулатұлымен  «Ақын- елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті.