“Оқу жылының қорытындысын шығару” сынып сағаттары

Оқудың соңғы күнінде біздің лицейде 2022-2023 оқу жылын аяқтайтын сынып сағаттары өткізілді-оқу жылының қорытындысы шығарылды, балалармен жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік шаралары туралы нұсқамалар өткізілді, балаларға көруге арналған фильмдердің және ұсынылған кітаптар тізімі жеткізілді. Сондай-ақ, сынып сағаттарының құрамдас бөлігі патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, достық, бейбітшілік, ел тарихына, аға буынға құрмет, саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу тақырыбы болды.