Халықаралық Отбасы күні

Жыл сайын 15 мамырда Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі. Осы күні біздің лицейде өткізілетін іс-шаралар отбасы институтын нығайтуға, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға, жауапты ата-ананың маңыздылығын мойындауға бағытталған. Балалар өз отбасылары туралы презентациялар мен плакаттар жасады, отбасылық демалыстың фотосуреттерімен бөлісті, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің маңыздылығы туралы айтты. Сынып сағаттарына ата-аналар қатысты, олар балаларға тоқаш жасау және тоқуды үйрету бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.