“Жұлдыздарға арман”акциясы

Біздің лицейде “Жұлдыздарға арман үшін” акциясы өтті. Сыныптан тыс іс-шараны “көшбасшы мектебі” үйірмесінің жетекшісі, педагог-психолог А. Н.Исмаилова және педагогика факультетінің ПОҚ-22 тобының 1 курс студенттері өткізді. Іс-шара барлық сынып оқушыларына бағытталған. Іс-шараның мақсаты Өзін-өзі бағалауды нығайту және эмоционалды жауаптылыққа тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту болды. Оқушыларға тапсырмаларды орындай отырып, шығармашылық қызмет үшін нұсқаулар мен қажетті материалдар берілді, балаларға күннің соңына қарай жүлдені алу үшін түрлі түсті үш лента-білезік қажет болды. Мұндай іс-шаралар балалардың жағымды эмоцияларға ие болуына, мерекелік көңіл-күй мен достық атмосфераны құруға ықпал етеді.