4 «Е» сынып «Дұрыс тамақтану ережелері» сынып сағаты.
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың дұрыс тамақтану, адам үшін тамақтанудың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, оқушылардың назарын денсаулық құндылықтарына аудару.
4 “Е” сынып оқушылары адам үшін тамақтанудың маңыздылығын еске алды; пайдалы тағамның не екенін және тағамның неге әртүрлі болуы керектігін талқылады. Балалар тамақ пирамидасымен (тамақтану пирамидасы) танысып, дұрыс тамақтану ережелерін жасады. Оқушылар дұрыс тамақтану салауатты және бақытты өмірдің кепілі деген қорытындыға келді.