12 сәуір – Ғарышкерлер күні

    Оқушыларды “Байқоңыр” ғарыш айлағы мен ғарышты игеру тарихымен, алғашқы ғарышкерлермен, қазақстандық ғарышкерлермен таныстыру, танымдық қабілеттерін, зейінін, шығармашылық белсенділігін дамыту, ғарышты зерттеуге деген қызығушылықты ояту, азаматтық сезімін тәрбиелеу мақсатында бүгін біздің мектепте ғарышкерлер күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Балалар “Ғарыш саяхатшылары” квесттеріне, “Ғарыштық зымыран” ұжымдық шығармашылық істеріне, “Ғарыш әлемі” балалар суретінің көрмесіне қатысты.