Ақпараттық түсіндіру жұмыс

30.03.2023ж. «Қоғамдық ақпарат және даму орталығы» КММ конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің дінтану мамандары «Экстремизм мен терроризм – қоғам мен тұлғаға объективті қатер» тақырыбында «Дарын» мектеп-лицейі»  КММ-нің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында интернет-арбау, деструктивті ағымдар, жалған діни уағыз, сондай-ақ діни материалдарды заңсыз тарату және сақтау үшін жауапкершілік сияқты ұғымдарға анықтамалар берілді. Оқушыларға қызықтырған сұрақтарға жауап беріліп, брошюралар таратылды (20 дана). Іс-шараға 40 оқушы қатысты.